Халықты жұмыспен қамту керек - Павлодар облысының әкімі
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Павлодар облысында 6158 көп балалы отбасы бірыңғай мемлекеттік жәрдемақы алады. Бұл туралы жаңа форматтағы АӘК тағайындау мен медициналық сақтандыру жүйесін енгізуді талқылауға арналған кеңесте айтылды.
Павлодар облысы әкімінің орынбасары Асхат Ораловтың айтуынша, қазір Павлодар облысында 6158 көп балалы отбасы бірыңғай мемлекеттік жәрдемақы алады. Сонымен қатар, облыста 226 миллион теңгеден астам атаулы әлеуметтік көмек тағайындалған 3135 отбасы бар.Қалалар мен аудандар әкімдерінің басты мәселесі азаматтарға белгіленген шекті деңгейден төмен кірістерді мемлекеттік қолдау алу мүмкіндігімен қамтамасыз ету болуы керек, - деді аталмыш жиынға қатысқан облыс әкімі Әбілқайыр Сқақов. - Бұл жұмысты халық арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізу қажет. Екіншіден, жұмыспен қамту қажет: жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету үшін мемлекеттік қолдаудың көптеген шаралары және әкімдердің қажетті тетіктері бар, - деп атап өтті.
Аз қамтылған отбасыларға, оның ішінде жан басына шаққандағы орташа кірісі күнкөріс деңгейінің 70 пайызынан төмен көп балалы отбасыларға АӘК қайтарылды. АӘК тоқсанға тағайындалды , - деді А. Оралов.Сонымен қатар, АӘК алушылары алты жасқа дейінгі балаларға арналған азық-түлік жиынтығы мен гигиеналық құралдардан тұратын кепілдендірілген әлеуметтік пакет алады. Алты жастан он сегіз жасқа дейінгі балалар үшін тегін ыстық тамақ, мектеп формасы, оқу құралдары және жеңілдіктер қарастырылған.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
СҚО әкімі тұрғындарды шетелге шықпауға шақырды
Келесі жаңалық
Жетісуда қысқы спорт дамымаған
Өзгелердің жаңалығы