Халықтың табысын арттыруға бағытталған жүйелі шаралар іске асырылды – Мамин

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Асқар Мамин "Самұрық-Қазына" кеңесінің отырысында Үкімет аталған қормен бірлесіп экономикалық өімді қалпына келтіру бойынша жоспар әзірлегенін айтты.

Үкімет "Самұрық-Қазына" қорымен бірлесіп экономикалық өсімді қалпына келтіру және оның тұрақты дамуын қамтамасыз етуге бағытталған кешенді жоспар әзірледі. Осы жоспар бойынша жыл соңына дейін іскерлік белсенділікті ынталандыруға, жұмыспен қамтуды қолдауға және халықтың табысын арттыруға бағытталған жүйелі, салалық шаралар іске асырылды. Жалпы кешенді жоспарда көзделген шаралар 6 млн-нан астам адамды жұмыспен қамтылған бірқатар шаралардың қалпына келуіне мүмкіндік береді, - деді Премьер-министр. 
Сонымен қатар, ол Үкімет пен қордың кешенді жоспары аясында бірлескен жұмыстың маңызды бағытына тоқталып өтті.
Бұл өңдеу өнеркәсібін, көлік пен логистиканы,  цифрландыруды дамыту, импорт алмастыру мүмкіндігін іске асыру, шағын және орта бизнестің экономикадағы рөлін күшейту. Сондай-ақ, тиісті атқарылып жатқан шаралар отандық тауар өндірушілерді қолдауға да үлес қосып жатыр, - деді ол.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы