Халықтың табысы көп емес - министр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Халықтың табысы көп емес, аз. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде онлайн режимде өткен халыққа есеп беру кездесуінде ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов айтты.

Өзіміз сараптама жасадық. Бір адамға шаққанда халықтың табысы 59 мың теңгеден аспай отыр. Оның барлығы жалақыдан шығады. Себебі, жалақы алып жүрген азаматтардың арқасында әлеуметтік төлемдер жасалып отыр. Жұмыс істеп жүрген азаматтарды қолдауымыз керек. Өкінішке қарай, ресми статистика бойынша орташа жалақы 200 мың теңгеден аспай тұр. Халықтың 77 пайызы ол сомадан төмен алады. Бұл салықты төлемей тұрған кездегі жалақы, - деді министр.

Нұрымбетов айтқандай, жалақы әр салада әртүрлі.

Ауылшауарышылық саласында 105 мың теңгеден аспай отыр. СҚО, Жамбыл, Түркістан облыстарында орташа жалақы 145 мыңнан аспайды. Бюджеттік саладағы қызметкерлерге беру мемлекеттің құзырында. 1 млн 300 мың бюджеттік қызметкер жұмыс істеп жатыр. Былтырғы маусымда олардың жалақысы 30 пайызға көбейген. Осы жылдың басында дәрігерлер мен мұғалім, әлеуметтік, мәдениет қызметкерлерінің жалақысы орта есеппен 30 пайызға көбейтілді, - деді ол.

Министр жеке секторда 5,5 млн адам жұмыс істеп жатқанын айтты. 

Былтыр 205 мың компания ең төмен жалақы алып жүрген 1,2 млн адамның жалақысын 33 пайызға көбейтті. Бұл барлық мәселені шешіп отырған жоқ. Ең төменгі жалақы реттеледі.Қазір ол 42500 теңгені құрап отыр. Оның өзі де аз. Оны көтеру қазір өте маңызды. Бұл мәселені көтеріп жатырмыз. Қазіргі дағдарыс кезеңінде бюджет шығындарын талап етіп, қиындау болады. Алдағы жылдары біз оны кезеңімен арттырамыз, - деді ол.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы