Халықтың қандай демалыс орындарына баруына рұқсат етіледі?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін  бас санитардың қатаң карантиндік шектеу енгізу туралы қаулысы жарияланды. 

Күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып, уақыт бойынша шектеу арқылы халыққа байланыссыз қызмет көрсету объектілерінің (автомобиль жуу, автомобильдерді, тұрмыстық техниканы жөндеу және басқалары) қызметіне рұқсат берілді.
Уақыт бойынша шектеу арқылы және күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып, бизнес-орталықтардың (адвокат, нотариус, бухгалтер және консалтинг көрсетілетін қызметтері, жылжымайтын мүлік жөніндегі агенттіктер, жарнама агенттіктері, сот орындаушылары және т.б.), букмекер кеңселерінің қызметіне рұқсат беріледі, - делінген қаулыда. 

Күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып, уақыт бойынша шектеу және қызметті барынша онлайн форматта көрсету арқылы ХҚКО-ның жұмысын ұйымдастырылады.

Сондай-ақ, күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып, уақыт бойынша шектеу және қызметті барынша онлайн форматта көрсету арқылы «Қазпочта» АҚ-ның жұмысы ұйымдастырылады.

Әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып, 3 адамнан аспайтын топтармен немесе бір отбасы мүшелерімен ойын-сауық объектілері жоқ саябақтарға, алаңдар мен скверлерге, жағалауларға және халықтың басқа да демалыс орындарына баруға рұқсат беріледі.

Ашық ауадағы жеке жаттығуларға рұқсат беріледі. 

Қоғамдық көлікке, таксиге, өнеркәсіптік аумақтарға, әуежайларға, аулалық балалар алаңдарына, азық-түлік және азық-түлік емес базарларға және басқа да қоғамдық орындрға санитариялық және дезинфекциялық өңдеу жүргізіледі.
Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің актісіне сәйкес уақыты және саны бойынша шектей отырып, қаржы нарығы субъектілерінің қызметіне рұқсат беруді қамтамасыз етсін, - делінген бас санитардың қаулысында.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы