Халық қаһарманына арналған ескерткіш тақта орнатылды

Тараз қаласы, BAQ.KZ тілшісі. 2011 жылдың 12 қарашасында Жамбыл облыстық ішкі істер департаментінің жол полициясы жеке батальоны 1- взводының командирі болған, полиция капитаны Ғазиз Байтасовтың бір топ азаматты террористен қорғау кезінде қаза тапқан болатын.

 Осы оқиғадан ерлікпен қайтыс болған полиция қызметкеріне Халық қаһарманы атағы берілген едін. Сәл кейінірек Тараз қаласындағы бір көше де батырдың есімімен аталған еді. Ал бүгін осы көшеге Ғазиз Байтасовқа арналған ескерткіш тақта орнатылды.



Салтанатты шарада Ғазиз Әбдібекұлының жұбайы Гүлжамал Тәжиева ерінің ерлігін ұлықтап, қастер тұтқан замандастарына алғысын жеткізді. Салтанатты рәсім облыстық полиция департаментінің жас қызметкерлері мен олардың тәлімгерлерінің қатысуымен «Достық» үйінде өткен жастар форумымен жалғасты. Онда Жамбыл облыстық полиция департаменті басшысының орынбасары полиция полковнигі Бақытжан Ералиев сөз сөйлеп, құқық қорғау саласындағы кейінгі буынның батылдығын, патриоттығын әңгімеледі.

«Қазір біздің қатарымыз тәуелсіздіктің түлектерімен толығуда. Олар егемен, дербес мемлекетте дүниеге келгендіктен, әр істе белсенділіктері, еркін ойлы екендіктері аңғарылады. Қандай шаруаны қолға алса да, белсенділікпен, ыждаһатпен атқарады. Қазақстанның да жарқын болашағы сондай жастардың қолында», - деген ол болашаққа үлкен сеніммен қарайтынын жеткізді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: автордан
Өзгелердің жаңалығы