Халыққа жоспарлы медициналық көмек көрсетіледі
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Тамыз айынан бастап ҚР халқына жоспарлы медициналық көмек көрсету кезең-кезеңімен жаңғыртылады, деп хабарлады Денсаулық сақтау министрліктің баспасөз қызметі Telegram парақшасында.
Пандемия кезінде көптеген медициналық ұйым CОVID-19 қарсы күреске қатысты. Халыққа жоспарлы және жоғары технологиялық медициналық көмек көрсету уақытша тоқтатылды.
Тамыз айынан бастап республикалық клиникалардан бастап жоспарлы медициналық көмек көрсету кезең-кезеңмен қайта басталады.
Қазір стационарлардағы төсек-орын саны 50 пайыздан төмен болса, енді тағы 50 пайыз бейінді және жоспарлы төсек-орын ашу жоспарлануда. Әрине, тиісті дезинфекциялық өңдеуден кейін.
Министрлік халыққа жоспарлы, соның ішінде жоғары технологиялы медициналық көмек көрсетуді кезең-кезеңімен жаңғырту бойынша жоспар жобасын әзірледі. Бұл халыққа қызмет көрсетудің бейініне және COVID-19 қарсы күреске медициналық ұйымдардың қатысу дәрежесіне байланысты жүргізіледі, - деді Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
COVID-19: Екі аптада сауығып шыққандар саны 63 пайызға артты
Келесі жаңалық
ТЖМ қазақстандықтарға маңызды ескерту жасады
Өзгелердің жаңалығы