20 Қаңтар 2020 2020, 21:51
Хафтар Берлинде ымыраласу туралы келісімге қол қоймады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Берлин конференциясында Ливия ұлттық армиясының (ЛҰА) қолбасшысы Халифа Хафтар ымыраға келу туралы келісімге қол қоюдан бас тартты.
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Берлин конференциясында Ливия ұлттық армиясының (ЛҰА) қолбасшысы Халифа Хафтар ымыраға келу туралы келісімге қол қоюдан бас тартты. Бұл туралы РИА Новости хабарлады.
Өзін біртүрлі ұстады: телефонын сөндірді, байланысқа шықпады, ешкімге ескертпей, кетіп қалды, - деді агенттікке мәлімет берген мәскеулік дипломат.
Мәскеуде Ресей және Түркия өкілдерінің қатысуымен ливияаралық келіссөздер өткеннен кейін бірнеше күннен соң Берлин конференциясы өтті.