Хабибтің әкесі қайтыс болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жеңіл салмақтағы UFC чемпионы дағыстандық Хабиб Нурмагомедовтың әкесі әрі жаттықтырушысы Абдулманап Нурмагомедов қайтыс болды. Бұл туралы Шешенстан басшысы Рамзан Қадыров мәлімдеді.

Ол Мәскеудегі ауруханалардың бірінде қайтыс болған. 

Мамыр айының басында 57 жастағы бапкерден коронавирус симптомы анықталған еді. Ұзақ уақыт COVID-19 жұқтырғаны ресми түрде расталған жоқ. Науқас бірнеше күн комада жатты. Алайда, кейіннен жазылып келе жатқаны хабарланды.

Маусым айының соңында Хабиб Нурмагомедов алғаш рет әкесінің ауруы туралы айтып берді. Спортшы шынымен де әкесінің коронавируспен ауырғанын растады. Індеттен жазылғанын айтқанымен, жүрек пен бүйрекке ауыр зардабы тиген.

Ал бүгін Нурмагомедовтың қайтыс болғаны туралы хабарлаған Қадыров оның артына жақсы атын қалдырып және лайықты ұрпақ өсіргенін тілге тиек етті.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы