Хабиб Нурмагомедов спорттық мансабын аяқтауы мүмкін

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Хабиб Нурмагомедов үш-төрт жекпе-жектен соң спорттық мансабын аяқтауы мүмкін. Бұл туралы оның әкесі әрі бапкері Абдулманап Нурмагомедов YouTube желісіндегі Fight Nights Global-каналына берген сұхбатында айтты, - деп хабарлайды "РБК Спорт".

Нурмагомедовтардың үлкені Хабибтың келесі қарсыласы Тони Фергюсон болуы керектігін айтады. Әкесінің айтуынша, осы кездесу UFC тарихындағы ең үздік болуы тиіс.

"Бұл наурыз-сәуірде болуы мүмкін. Менің ойымша, оның қарсыласы Фергюсон болуы керек. Бұл UFC үшін ең ірі әрі промоушен тарихындағы ең тартысты кездесу болатыны анық. Не үшін екенін түсіндірейін: қатарынан 12 кездесуде жеңімпаз болған ешкім жоқ, тек екеуінде ғана бар. Хабиб 28 жекпе-жекте жеңімпаз атанған. Осы кездесу Ресейде өткенін қалаймыз", - деді спортшының әкесі.

2018 жылдың сәуір айында Хабиб Нурмагомедов жеңіл салмақта абсолюттік аралас жекпе-жек чемпионатында (UFC) чемпион атанды. Осыдан кейін ол титулды екі рет қорғады. Ал бір жылдан кейін ол американдық Дастин Порьеден басым түсті.

Нурмагомедовтың активінде 28 кездесуде 28 жеңіске жетті. Ол салмақ дәрежесін сепке алмағанда, UFC рейтингісінде екінші файтер болып есептеледі.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы