"Хабар" арнасы "Оскар-2019" кино жүлдесін көрсетеді
Астана, BAQ.KZ. 26 ақпан күні сағат 22.20-да «Хабар» телеарнасы «Оскар» жүлдесінің 91-ші марапаттау рәсімін көрсетеді. Арнайы телевизиялық нұсқада кештің ең жарқын және қызықты сәттері жинақталған.
30 жылда алғаш рет салтанатты шарада жүргізуші болмайды. Жеңімпаздарға статуэткаларды Аквафина, Дэниел Крейг, Крис Эванс, Тина Фей, Вупи Голдберг, Бри Ларсон, Дженнифер Лопес, Эми Полер, Майя Рудольф, Амандла Стенберг, Шарлиз Терон, Тесса Томпсон, Констанс Ву және басқа да танымал тұлғалар табыс етеді.
«Оскар» жүлдесін табыс ете бастаған күннен бастап, шара кинематаграфия саласындағы ең маңызды оқиғаға айналды. «Хабар» Агенттігі жылдағы дәстүр бойынша осы жылы да ауқымды кешті Қазақстан аумағында көрсету құқын сатып алғанын қуанышпен хабарлаймыз. Көрермендеріміз салтанатты шараның арнайы телевизиялық нұсқасын толық дубляжбен тамашалайды», - дейді«Хабар» арнасының Бағдарламалар директоры Айкүміс Сексенбаева.
Статуэткалар «Үздік фильм», «Үздік режиссерлік жұмыс», «Үздік актер», «Үздік актриса» және т.б. аталымдар бойынша 24 жеңімпазға табыс етіледі.
Биыл режиссер Альфонсо Куароның «Рома» картинасы және Йоргос Лантимостың «Фаворитка» картинасы 10 аталымға ұсынылып, номинация саны бойынша көш бастап тұр. Онан кейін тізімді Брэдли Купердің режиссер ретіндегі алғашқы фильмі «Звезда родилась» пен Адам Маккейдің «Власть» фильмі жалғастырған. Екі туынды да 8 номинацияға ұсынылған.