ҚХА-ның XXVIII сессиясы басталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Нұр-Сұлтан қаласындағы Бейбітшілік және келісім сарайында Қазақстан халқы Ассамблеясынан ұсынылған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттарын сайлау бойынша Қазақстан халқы Ассамблеясының XXVIII сессиясы басталды.

Сессияны Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Жансейіт Түймебаев ашты. 


 Сіздерді Қазақстан халқы Ассамблеясының Парламент Мәжілісіне Қазақстан халқы Ассамблеясынан депутаттар сайлауға арналған ХХVІІІ сессиясының ашылуымен құттықтауға рұқсат етіңіздер. Өздеріңіз білетіндей, 2007 жылы конституциялық реформа нәтижесінде қабылданған Негізгі заңға Қазақстан халқы Ассамблеясынан ҚР Парламенті Мәжілісіне 9 депутат сайлау құқығы берілген өзгерістер мен толықтырулар енгізілген болатын, - деді ол. 

Сессияда Ассамблеядан сайланатын Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттығына ҚХА Кеңесі ұсынған үміткерлерге дауыс беру өтеді.

Дауыс беруге Елбасы, Қазақстан халқы Ассамблеясының төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуы күтіледі. 

Сессия жұмысына еліміздің барлық өңірлерінен республикалық және өңірлік этномәдени бірлестіктер, қоғам қайраткерлері, ғылыми және шығармашылық зиялы қауымнан құралған ҚХА мүшелерінің делегациялары, сондай-ақ Қазақстан Республикасында аккредитациядан өткен халықаралық бақылаушылар мен БАҚ өкілдері қатысып жатыр. 

Сессия соңында Нұр-Сұлтан қалалық сайлау комиссиясы дауыс беру нәтижелері жариялануы керек. 

Қазақстан халқы Ассамблеясынан сайланатын Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарын сайлау қорытындыларын Орталық сайлау комиссиясы шығарады. 

Айта кетейік, Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесі Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттығына Қазақстан халқы Ассамблеясынан сайланатын 9 үміткер бар. 

Атап өтсек,  Сауытбек  Абдрахманов, Аветик Амирханян, Ильяс Буларов,Наталья Дементьева, Юрий Ли, Вакиль Набиев, Шамиль Осин, Владимир Тохтасунов, Абилфас Хамедов.


Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ
Өзгелердің жаңалығы