ҚХА-ның депутаттық тоғыздығы барлық этностың мүддесін қорғайды – Түймебаев
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Жансейіт Түймебаев ҚХА-ның XXVIII сессиясында айтты.
Түймебаев Ассамблеяның парламенттік өкілдігі – заң шығарушы органның ерекше, әлемнің бірде-бір елінде жоқ өзіндік институты екенін атап өтті.
Ассамблеяның депутаттық тоғыздығы Қазақстанның барлық этностарының, күллі халықтың мүддесін қорғайтын болады.
Ал ҚХА-ның депутаттық тобы халықтың бірлігі мен татулығын күшейтуде партияаралық ынтымақтастықтың парламенттік тетігі рөлін атқарады.
ҚХА-ның Мәжілістегі депутаттық тобы үш шақырылым бойы заң шығару жұмыстарына белсенді үлес қосып келеді. Мәжілістің VІ шақырылымында депутаттық топтың 28 мүшесі 12 заң жобасының бастамашысы болды, 200 заң жобасын талқылауға қатысты, заң жобаларына 2 мыңнан аса түзету енгізді, 226 депутаттық сауал жолдады, - деді ол.Ассамблея Кеңесінің отырысында ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттығына Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлайтын кандидаттар ұсынылды.
«Сайлау туралы» конституциялық заңның 4-пунктінің 87-бабына және «Қазақстан халқы Ассамблеясы» туралы ҚР Заңының 1-пунктасты, 4-пункті 10-бабына сәйкес Парламент Мәжілісіне депутаттыққа Ассамблеямен сайланатын кандидаттарды ұсыну Кеңес құзіретіне жатады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
ҚХА-ның XXVIII сессиясы басталды
Өзгелердің жаңалығы