ҚХА-ның 25 жылдығына орай отырыс өтті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде онлайн-форматта Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедралары республикалық қауымдастығының «Қазақстан халқы Ассамблеясына 25 жыл: ғылыми-білім беру, қоғамдық маңызды және әлеуметтік миссияны дамытудағы ҚХА кафедралары» кеңейтілген отырысы өтті.
Кеңес отырысына ҚХА Хатшылығының меңгерушісі – Төраға орынбасары Ж.Түймебаев, Парламент Мәжілісінің вице-спикері В.Божко, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі М.Әзілханов, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ректоры Е.Сыдықов, ҚХА өңірлік кафедраларының колледждер мен жалпы білім беру мектептеріндегі бейбітшілік және келісім орталықтарының меңгерушілері, өңірлік ішкі саясат басқармаларының, өңірлік «Қоғамдық келісім» КММ және этномәдени бірлестіктердің басшылары қатысты.
Отырыс барысында Қазақстан халқы Ассамблеясының жұмысын жетілдіру, оның ішінде ҚХА кафедралары жұмысын қайта жандандыру және трансформациялау, жастар арасында оқыту-білім беру, ғылыми-зерттеу және тәрбие жұмыстарындағы ҚХА кафедраларының рөлі, ҚХА кафедраларының ғылыми әл-ауқаты және қолданбалы жобаларды іске асыру басымдықтары, этномәдени бірлестіктермен өзара іс-қимыл мәселелері талқыланды.
Отырыс қорытындылары бойынша тапсырмалар беріліп, Қазақстан этностары арасында қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайту бойынша ұсыныстар қалыптастырылды.