ҚХА медициналық қызметкерлерге азық-түлік себеттерін таратты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. БҚО Қазақстан халқы ассамблеясының этномәдени бірлестіктерінің өкілдері Құрбан айт мерекесіне орай өңірдегі медицина қызметкерлерінің отбасыларына азық-түлік себеттерін таратып, ассамблеяның тарапынан оларға моральдық қолдау көрсетті, деп хабарлады Өңірлік коммуникациялар қызметі.
Бұл ізгі шара "Мың алғыс" жалпыұлттық акциясы аясында өтті.
Сіздерді мұсылмандардың діни дәстүрлеріндегі ең маңызды мерекелердің бірі - Құрбан айт мерекесімен шын жүректен құттықтаймын. Біздің барлық халқымыздың рухани тазалығы мен рухының салтанат құруын бейнелейтін бұл жарқын мереке исламның асыл мұраттарын – діни төзімділікті, жақындарына деген сүйіспеншілікті, әділеттілікті, қамқорлық пен мейірімділікті бейнелейді, - деді БҚО Қазақстан Халқы ассамблеясы төрағасының орынбасары Ғайса Қапақов.
Ол атағандай, біз бәріміз - біртұтас елдің азаматтарымыз және тек адамға деген сүйіспеншілік, төзімділік, барлық ұлт өкілінің салт-дәстүрлері мәдениетін құрметтеу, әрқайсымыздың дамуымызды, әр үйдегі бейбітшілікті қамтамасыз етеді.
Осы қуанышты және жарқын мерекеде сіздерге мықты денсаулық, бақыт, отбасылық амандық тілеймін, - деп ол ізгі тілегін жеткізді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы