ҚХА-ның тағы бір кафедрасы ашылады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нұр-Сұлтан қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Ләззат Құсайынова іс-жүзіндегі тұрақты дәріс аясында  Қазақ экономика қаржы және халықаралық сауда университетінде дәріс оқыды.

Іс-шараға Нұр-Сұлтан қаласы ҚХА мүшелері, университет оқытушылары мен студент жастар қатысты.

Хатшылық меңгерушісі кіріспе сөзінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауын негізге ала отырып, Жастар жылы, келер жылғы Еріктілер жылына және т.б. атаулы даталардың маңыздылығына тоқтала кетті.

Л.Құсайынова тыңдаушылар назарын ҚХА құрылу тарихы мен құрылымына назар аудартты.

«Қазіргі таңда Қазақстан халқы Ассамблеясы – тыныштығымыз бен бірлігіміздің белгісі. Ассамблеяның 24 жылдың ішінде құрылымы кеңейіп, ауқымы арта түсті. 2014 жылы Елбасының тапсырмасына сәйкес, Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі жанынан «Қоғамдық келісім» КММ құрылды. Елордалық ЖОО жанынан ҚХА кафедралары мен ғылыми-сараптамалық топтары ашылды. 2018 жылы Нұр-Сұлтан қаласында «Достық үйі»  пайдалануға берілді. Сондай-ақ, қаламыздағы Ассамблеяның құрылымдары берекелі бірлік пен ынтымақты тірліктің қалыптасуына, қоғамдық келісімнің нығаюына жұмыс жасап жатыр, - деді Л.Құсайынова.

Дәрістің соңында Нұр-Сұлтан қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Ләззат Құсайынова Ассамблеяның басты миссиясы мен міндеті – Қазақстан халқын біртұтас ел етіп ұстау ісінің табысты орындалып жатқанын атап өтті. Сонымен қатар, студенттер сұрақ-жауап түрінде шағын интерактив өткізіп, қызықты сұрақтарына жауап алды. «Әлеуметтік жұмыс» кафедрасының доценті Сәуле Сарбасова университет атынан елордалық Қазақстан халқы Ассамблеясы ұжымына алғысын білдіріп, ҚХА кафедрасын ҚазЭҚСУ шаңырағынан ашылуын ізгілікке балады. Екіжақты ынтымақтастық нышаны белгісі ретінде Л.Құсайынова Нұр-Сұлтан қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясы атынан ҚазЭҚСУ ректоры С.Әбдіманаповқа мемлекет дамуына арналған құнды тарихи кітап пен бағалы естелік сыйлықты табыс етті.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы