ҚХА Ғылыми-сарапшылық кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. АҚДМ Қолданбалы этносаяси зерттеулер институты мен Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ ғылым және білім саласындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.
Бұл туралы келісімге Тұңғыш Президент күніне және Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған Қазақстан халқы Ассамблеясының Ғылыми-сарапшылық кеңесінің төртінші кеңейтілген отырысы барысында қол жеткізілді.
Отырыс жұмысына Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Марат Әзілханов, Парламенті Мәжілісінің депутаттары, сондай-ақ АҚДМ Этносаралық қатынастарды дамыту комитетінің төрағасы Ғалым Шойкин және басқалар қатысты.
ҚХА Ғылыми-сарапшылық кеңесінің алдағы міндеттерін және одан арғы жұмысын іске асыруды талқылау барысында жастардың қазіргі заманғы құндылықтары, этносаралық қатынастарды дамыту туралы мәселелер көтерілді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
«7-20-25». 78 774 өтінім қабылданды
Келесі жаңалық
ТЖМ қазақстандықтарға маңызды ескерту жасады
Өзгелердің жаңалығы