ҚХА Алматы жастарымен кездесті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматының Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Алматы қаласы жастар ұйымдарының көшбасшылары және белсенділермен кездесу өткізді.

Кездесуге ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты В.Нәбиев, ҚХА «Жарасым» республикалық жастар ұйымының төрағасы Т.Жұмырбаев, «Jas Otan», «Қазақстан волонтерлер лигасы», «Медицина жастары» жастар ұйымдарының көшбасшылары, сондай-ақ Алматы қаласы мен Алматы облысы «Жаңғыру жолы» ҚХА РЖҚ өңірлік штабтарының өкілдері қатысты.


Іс-шара барысында жастар мен студенттік ұйымдарды ҚХА қызметіне тарту мәселелері, ҚХА «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысының қызметін контенттік толықтыру бойынша ұсыныстар талқыланып, жастар жобаларын іске асырудың жаңа форматтары, сондай-ақ, жастар үшін әлеуметтік мүмкіндіктерді кеңейту бойынша шаралар қарастырылды, - делінген хабарламада.

ҚХА төрағасының орынбасары М. Әзілханов Қазақстан халқы Ассамблеясы жастардың әлеуметтік бастамаларын жүзеге асыру үшін көмектесуге дайын екенін атап өтті.

Кездесу соңында қатысушылар жастар жобаларын іске асыру бойынша бірлескен жұмысты жалғастыруға сенім білдірді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы