Кезекті халықаралық әуе бағыты ашылады
Көлік министрлігі тұрақты негізде ұшу географиясын кеңейту және қолданыстағы бағыттар бойынша рейстер санын ұлғайту бойынша жұмыс жүргізуде, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Биылғы жылдың 29 мамырынан бастап қазақстандық "SCAT" әуекомпаниясы Шымкент – Каир бағыты бойынша Египетке жаңа бағыт ашуды жоспарлап отыр.
Рейстер аптасына 2 рет (дүйсенбі және сәрсенбі күндері) "Boeing 737-800" және "Boeing MAX 8" типті әуе кемелерінде орындалады.
Әуе қатынасының ашылуы екі ел арасындағы ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ықпал етеді деп күтілуде
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Қырыққабат неге қымбаттап кетті? – министрлік жауабы
Өзгелердің жаңалығы