"Кезекті айла". Зеленский Путиннің сөзіне сенбейді
Украина президенті Владимир Зеленский Ресей президенті Владимир Путиннің атысты тоқтату туралы мәлімдемесіне жауап берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Зеленскийдің айтуынша, Путин соғысты жалғастырғысы келетінін Трампқа тікелей айтуға қорқады.
Қазір біз бәріміз Ресейден алдын ала болжанған, өте манипулятивті сөздерді естідік. Путин атысты тоқтату туралы идеяға жауап ретінде іс жүзінде бас тартуға дайындалып жатыр. Олар Мәскеуде бұл идеяны соншалықты шарттармен қоршап қойды, тіпті оның жүзеге аспауы немесе барынша кешіктірілуі үшін бәрін жасап жатыр, – дейді Украина басшысы.
Оның сөзінше, Путин мұндай әрекетті жиі жасайды.
Ол тікелей “жоқ” деп айтпайды, бірақ процесті созып, қалыпты шешімдер қабылдауды мүмкін емес етеді. Біз бұның бәрін Ресейдің кезекті манипуляциясы деп есептейміз, – деп жазды Зеленский.
Сонымен қатар, ол Украинаның АҚШ-тың атысты тоқтату туралы ұсынысын қабылдағанын атап өтті.
Біз АҚШ-тың бастамасын қабылдадық – әуеде, теңізде және құрлықта атысты тоқтату жөніндегі ұсынысын қолдаймыз, – дейді Зеленский.
АҚШ бұл келісімдерді бақылап, тексеруге дайын екенін мәлімдеді.