Кезекші сынып. Коронавирус жұқтырған 32 жағдай тіркелді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы бүгін ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен онлайн брифинг кезінде айтты.

Қазіргі таңда кезекші сыныпта оқитын балалар арасында коронавирус індетін жұқтырған 32 жағдай тіркеліп отыр. Осы балалармен байланыста болған 575 оқушы анықталды. Олардың арасынан тағы 10 баладан вирус тіркелді. Балаларда көбіне аурудың симптомсыз немесе жеңіл түрімен ауырып жатыр. Бұл балалардың ішінде тек бесеуі ғана стационарлық көмекке жүгінді, - деді ол. 

Вице-министр қашықтан оқып жатқан балалар арасында 73 жағдайдың тіркелгенін мәлімдеді. Олармен 242 адамның байланыс жасағаны анықталды. Сонымен қатар тағы осы адамдар арасында тағы 15 жағдай тіркелген.

Балалардың денсаулығын қатаң бақылап отырмыз. Балалар арасында ауыр жағдай болған жоқ. Өңірлерге келер болсақ, Шығыс Қазақстан облысында ауырған балалар саны – 13, Солтүстік Қазақстан облысында - 12, өзге өңірлерде 1-2 баладан тіркелген, - деді Ажар Ғиният.

Айта кетсек, Қазақстанда ЖРВИ-мен ауырғандар саны былтырғымен салыстырғанда 25 пайызға азайған. Вице-министр жедел респираторлық вирустық инфекциялардың (ЖРВИ), тұмаудың және коронавирустық инфекциялардың ауыр түрлерінің дамуын болдырмау үшін амбулаториялық деңгейде барлық емханада дәрі-дәрмек тегін берілетінін атап өтті.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы