+22

Кездейсоқ байлық: Әйел адам қоқыстан 187 миллион теңге тауып алды

Таиландта әйел кездейсоқ пластикалық контейнерден 12 миллион бат (187 миллион теңгеден астам) тауып алды. Бұл туралы The Thaiger басылымы мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Оқиға 5 маусымда Нонтхабури провинциясындағы Паккрет ауданында болған. Уса есімді әйел кешкісін полицияға хабарласып, тұрғын үй кешенінің төртінші қабатындағы қоқыс бөлмесінен ақша тапқанын айтқан. 

Фото: facebook/ K Payafai Fast

Ол үйіне кешке қайтып келе жатып, қабаттағы тасталған пластикалық контейнерді байқап қалған. Контейнердің жағдайы жақсы болғандықтан, оны алып кетуді шешкен. Алайда ішінде мың баттық (шамамен 15 600 теңге) купюраларға толы ақша болған. Қомақты ақшаны көріп, Уса қорқып кетіп, дереу полиция шақырған.

Фото: facebook/ K Payafai Fast

Құқық қорғау органдары контейнерді қарап, ақшаға қоса салық құжаттары мен Таиландтың Ұлттық телерадио хабар тарату және телекоммуникациялар комиссиясына қатысты ресми құжатты тапқан. Барлық құжаттарда Тавиват есімі көрсетілген.

Фото: facebook/ K Payafai Fast

Полиция қызметкерлері ақшаның қай банктен алынғанын да анықтады. Белгілі болғандай, бұл қаражат 2020 жылы шешіп алынған екен. Қазір тергеушілер бұл үлкен соманың иесін іздеп, ол ақшаның қоқысқа қалай тап болғанын анықтауға тырысып жатыр.

Фото: facebook/ K Payafai Fast
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы