Кез келген салада әйелдердің үлесі болашақ үшін өте маңызды – Қырғызстан Жогорку кенеші

Мұндай пікірді Орталық Азия елдері әйелдерінің диалогының отырысында Қырғыз Республикасы Жогорку кенеші төрағасының орынбасары Джамиля Исаева айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Елордада Орталық Азия елдері әйелдерінің диалогы «Инновациялар мен технологияларды дамытудағы әйелдердің рөлі» тақырыбында өтіп жатыр.

Әйелдердің инновациялар мен технологияларды дамытудағы рөлі өте жоғары деңгейде. Бірақ әйелдердің ғылыми техникалық және инженерлік салада жұмыс істеуі әлі де өзекті. Кез келген салада әйелдердің үлесі болашақ үшін өте маңызды. Оның ішінде технологиялар мен инновацияларды дамытуда. Біздің елімізде әйелдердің қатысуымен өте көп цифрлы жобалар жасалады. Цифрлы экономиканы дамытудың негізгі стратегиялық мақсаттары Қырғыз Республикасының 2018-2040 жылдарға дейінгі стратегиясында қабылданған «Цифрлы трансформация» аясында «Цифрлы Қырғызстан» атты бағдарлама қабылданған, - деді ол.

Айтуынша, Қырғыз Республикасының қауіпсіздік кеңесі оны 2018 жылы қазанда бекіткен.

Электронды үкіметтің дамуы бойынша БҰҰ-ның рейтінгінде ақпараттық қоғамның дамуының көрсеткіші рейтингінде Қазақстан 193 елдің арасында 81-орын алған. Бұл елдің осы рейтингке қатысудағы бірінші ең үздік көрсеткіші.

Цифрлы экономиканың дамуының жаңа басымдықтарына неғұрлым көбірек қызметші әйелдерді қосу керек. Олардың қатарында техникалық мамандар және басқарушы лауазымдар да болуы керек. Осы салада жетістікке жеткен әйелдер өте көп, - деп атап өтті Джамиля Исаева диалогтың отырысында.

Еске сала кетейік, биыл Қазақстан Орталық Азия елдері әйелдерінің диалогына төрағалық етеді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Артём Чурсинов
Өзгелердің жаңалығы