Кез келген елдің болашақтағы сәтті дамуын білім беру саласы шешеді – Фирудин Гурбанов

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Әзірбайжан Білім министрінің орынбасы Фирудин Гурбанов III NOBEL FEST барысында айтты.

Дәстүрге айналған бұл шара өз алаңында Нобель сыйлығының лауреаттарын, ғалымдар мен білгірлердің басын қосып отыр. Осындай шараны өткізу мәдениетаралық диалогты қалыптастыруға да мүмкіндік береді. Бұл платформа Орталық Азия елдерінің жетекші мамандармен ынтымақтастық орнатуға, ғылыми әлеуетті арттыруға мүмкіндік береді. Қазіргі заманда жылдам өзгерістер жаңа тетіктерді қажет етеді. Сондықтан да әлем де оған ілесіп отыруы керек, - деді

Ол атағандай, кез келген елдің болашақтағы сәтті дамуын білім беру саласы шешеді.

Елдің сәтті дамуы табиғи ресурстарға емес, білімді, білгір азаматтардың көптігімен айқындалады, - деді министрдің орынбасары.

Айта кетейік, бірегей онлайн платформа 50 мыңнан астам қатысушыны қамтып отыр, оның 50 спикері Нобель сыйлығының лауреаты. Халықаралық ғылыми қауымдастық арасындағы пікірталас 4 күн ішінде онлайн және офлайн кеңістікте өтеді. Қазақстан, Әзірбайжан және Өзбекстанда үш негізгі хабар тарататын студия бар. Экономика, саясат және ғылым әлеміне бет бұрғандар студенттерге, жас ғалымдарға және ғылымға құштар студенттерге арнап сөз сөйледі.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы