Кейбір ЖОО-да әлі күнге дейін артық есептілік құжаттары талап етіледі – Тойбаев
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаментінің директоры Әділет Тойбаев жоғары оқу орындарындағы есептілікті азайту туралы ойын білдірді.
Дағдарысқа қарсы жоспарды іске асыру шеңберінде Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовтің тапсырмасы бойынша Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаменті Министрлік тарапынан талап етілетін құжаттар тізбесін айтарлықтай қысқартты, - деп жазды ол.
Осылайша, есептіліктің 11 нысаны, оның ішінде білім алушылардың сынақ кітапшалары, үлгерімнің әртүрлі қағаз журналдары қысқартылды.
Сондай-ақ, профессор-оқытушылар құрамының жұмысын жеңілдету мақсатында аталған бұйрықтан есептіліктің мынадай түрлері қысқартылды:
1. Оқытушылардың әрбір айға арналған оқу жұмыс уақытын есепке алу ведомосі (сағатпен және (немесе) кредитпен);
2. Оқытушылардың жыл ішіндегі оқу уақытын есепке алу ведомосі (сағатпен және (немесе) кредитпен);
3. Емтихан ведомосі (білім алушыларды аралық аттестаттау үшін);
4. Білім алушыларды қорытынды аттестаттаудан өткізу жөніндегі комиссия отырысының хаттамалары. Білім алушыларды қорытынды аттестаттау жөніндегі комиссия отырысының қорытынды аттестаттау емтихандарын тапсыру туралы хаттамасы
5. Білім алушыларға біліктілік беру туралы қорытынды аттестаттауды өткізу жөніндегі комиссия отырысының хаттамасы (жиынтық);
6. Білім алушыларды қорытынды аттестаттау жөніндегі комиссияның білім алушылардың бітіру жұмысын қарау бойынша (дипломдық жоба (жұмыс) отырысының хаттамасы;
7. Емтихан ведомосі;
8. Кафедраның жұмыс жоспары.
22 тармақтан тұратын және үлкен жұмыс көлемін қамтитын кафедралардың жұмыс жоспарының қысқарғанын ерекше атап өткім келеді.
Сондай-ақ, департамент жоғары оқу орындарына министрлік тарапынан күші жойылған есептіліктің жеке қағаз түрлерін жасамауды, жоспарлау мен құжат айналымының цифрлық жүйесіне толық көшуді жүзеге асыруды ұсынды.
Алайда, департаментке кейбір жоғары оқу орындарында әлі күнге дейін профессор-оқытушылар құрамынан артық есептілік құжаттары талап етілетіні туралы ақпарат келіп түсуде. Мысалы: студенттер үлгерімінің қағаз журналы, профессор-оқытушылар құрамының атқарған жұмыстары туралы апта сайынғы/ай сайынғы есептер және т.б.
Құрметті әріптестер, егер сіз осындай проблемаларға тап болсаңыз, әрбір осындай жағдай бойынша департаментке хабарлауыңызды сұраймыз, - деп жазды ол.
Департаменттің тікелей желісі
Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру мәселелері бойынша кері байланысты және өтініштер қабылдауды қамтамасыз ету үшін мынадай байланыс арналары жұмыс істейді:
Жұмыс нөмірлері– 8 (7172) 74 22 80; 74 23 52; 74 20 67.
WhatsApp хабарламалары +7 708 664 10 40;
Telegram-хабарламалар +7 708 664 10 40.