Кейбір жануарларды елден әкетуге шектеу енгізілді

Қазақстанда малдың кейбір түрлерін әкетуге алты айға шектеу енгізілді. Бұл туралы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

23 маусымнан бастап 60 мың бас торпақ мөлшерінде тірі ірі қара малды, 120 мың бас еркек тоқты мөлшерінде тірі қой және ешкілерді Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге алты айға сандық шектеулер енгізіледі, - делінген хабарламада.

Құжатта торпақтар мен қошқарларды ветеринариялық сертификат болған кезде ғана Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге рұқсат етілетіні аталып өткен.

Сонымен қатар 30 маусымнан бастап ірі қара малды және ұсақ малды Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге тыйым салынады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы