Кейбір заңдарға түзетулер енгізіледі – Серік Жұманғарин
Жыл соңына дейін «Капитал нарығы туралы» заң жобасы мен салық заңнамасына енгізілетін өзгерістер Құрылтай қарауына ұсынылады.
Қазақстанда бірқатар заңдарға өзгеріс енгізу жоспарланып отыр. Бұл туралы Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин Үкімет отырысында мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Вице-премьердің мәлімдеуінше, түзетулер жыл соңына дейін депутаттардың қарауына ұсынылады.
Құрылтайға «Капитал нарығы туралы» заң жобасы, сондай-ақ бизнестің ұсыныстарын ескере отырып әзірленген салық заңнамасына қатысты нақты өзгерістер пакеті енгізіледі. 2027 жылы нормативтік-құқықтық база Қазақстан қор биржасы, Астана халықаралық қаржы орталығы және Alatau City юрисдикциясы арасындағы серіктестікті нығайтуды көздейтін қаржы нарығын дамытудың бірыңғай стратегиясы туралы Жарлықпен толықтырылады, – деп түсіндірді Ұлттық экономика министрі.
Қаржы жүйесін кешенді жаңғыртудың соңғы кезеңі мемлекеттік қазынашылық жүйесін толық цифрландыру болады.