Кейбір сынып оқушылары үшін мектеп бағдарламасы өзгеруі мүмкін

Жаңа оқу жылынан бастап кейбір сынып оқушылары үшін мектеп бағдарламасы өзгеруі мүмкін, деп хабарлайды BAQ.KZ.

2023 жылдың 1 қыркүйегінен бастап 2-сыныпта «Көркем еңбек» пәнінің орнына «Еңбекке баулу» және «Бейнелеу өнері» пәндері енгізілді. «Шет тілі» пәні алынып тасталды.

Сонымен қатар, оқу жүктеменің аз болуына байланысты 10-11 сыныптардың оқушылары үшін «Шет тілі» пәні бойынша тағы 1 сағат қосылады.

Төмендетілген оқу жүктемесімен 10-11 сыныптардағы үлгілік оқу жоспарларының вариативтік компонентіндегі 1 сағат «Шет тілі» пәніне берілді. Нәтижесінде 11 жылдық оқыту шеңберінде оқу бағдарламаларын жетілдіру жөніндегі жүйелі жұмыс қазақстандық білім беру жүйесін білім берудің халықаралық стандарттық сыныптамасы деңгейіне шығаруға және мектеп түлектеріне еуропалық біліктілік шеңберінің қажетті деңгейлерін меңгеруге мүмкіндік береді, - делінген құжатта.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: adyrna.kz
Өзгелердің жаңалығы