Кейбір облыстар ауылға барған дәрігерлерге 3-5 млн теңге жәрдемақы береді - министр
Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният Мәжілісте өткен Үкімет сағатында мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният Мәжілісте өткен Үкімет сағатында мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Ауылдағы кадрлық қамтамасыз етуді талдау 1 700-ден астам медицина қызметкерінің, оның ішінде 1000-нан астам дәрігердің, 734 медбикенің тапшылығын көрсетеді. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша ауылдағы объектілерге инвентаризация жүргізілді, нәтижесінде 200-ден астам елді-мекенде медициналық объектілер жоқ, 400-ге жуық ауылдарда медициналық объекті жалға алынған, апаттық, бейімделген ғимараттарда орналасқан. Ауылдық медициналық-санитариялық алғашқы көмектің медициналық инфрақұрылымының тозуы 50%-дан асады, - деп атап өтті еліміздің бас дәрігері.
Айтуынша, министрлік жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп тиісті жұмыс жоспарлы жүргізілуде.
Медициналық кадрларды ауылға тарту үшін түлектердің міндетті түрде 3 жылдық жұмыс істеу нормасы қабылданды. Келген әрбір дәрігерге 1 миллион теңгеден 2 миллион теңгеге дейін көтерме жәрдемақы бөлінеді, ал кейбір әкімдіктер (Солтүстік Қазақстан және Қостанай облыстарында) үш-бес миллионға дейін жәрдемақы бөледі. Әлі де ауылға баратын дәрігерлердің әлеуметтік қолдауын күшейту қажет, - деді ведомство басшысы.