Кейбір қалада заңсыз митингілер ұйымдастырылды – ІІМ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Ішкі істер министрінің орынбасары Арыстанғани Заппаров ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да сайлауда құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету туралы өткен баспасөз конференциясында айтты. 

Сайлау учаскелерінің басым бөлігі өз жұмысын аяқтады. Дауыс беру процесі аяқталған жерлерде жергілікті комиссия мүшелері бюллетеньдерді дауысты есептеуге кірісті. Ішкі істер органдарының қызметкерлері күшейтілген режимде қызмет атқаруды жалғастыруда. Олар қоғамдық тәртіпті сақтаумен қатар, сайлау учаскелеріндегі бюллетеньдері мен хаттамаларын аудандық және облыстық комиссияларға еш кедергісіз ежткізілуін қамтамасыз етуде, - деді ол. 

Заппаров атап өткендей, науқан кезінде сайлау учаскелерінде түсініспеушілік туғызған түрлі оқиғаларды ескермегенде, айтарлықтай заң бұзушылық болған жоқ. 

Мәселен, карантин нормалары күшейтілген кейбір қалаларда, сайлау комиссияларының төрағалары толтырған актілерге сәйкес, санитарлық шектеулерді бұзғаны үшін және комиссия мүшелеріне кедергі келтіріп, сайлау тәртіптерін сақтамағаны үшін 10 байқаушыны ғимараттан мәжбүрлі түрде шығарылды. Бұдан бөлек, кейбір қалаларда заңсыз жиындар мен митингілер ұйымдастыру, соған қатысуға үгіттеу әрекеттері орын алды, - деді Заппаров.
Ол атағандай, бұл азаматтарға жергілікті атқарушы органдар мен прокуратура қызметкерлері акцияның заңсыз екенін бірнеше рет ескертіп, тоқтату қажеттігін түсіндірді. 
Мемлекеттік билік өкілдерінің заңды талаптарын орындаудан бас тартты. Оларды полиция қызметкерлері полиция бекеттеріне жеткізуге мәжбүр болды. Олар профилактикалық әңгімелесуден кейін үйлеріне жіберілді. Ешқайсысы әкімшілік және қылмыстық қудалауға ұшырамады. Жалпы, елімізде қазіргі уақытта жағдай тұрақты. Осы мүмкіндікті пайдаланып, азаматтардың тыныштығын сақтау үшін  қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету жұмыстары жалғаса беретінін жеткізгім келеді, - деді Заппаров.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы