Кейбір дәріхана қызметкерлері дәрілерді астыртын сатқан

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында "Коронавирустық инфекциямен күрестегі өзекті сұрақтар" тақырыбында өткен онлайн брифинг барысында ҚР денсаулық сақтау министрі Алексей Цой айтты.

Бұған дейін Қазақстан Республикасы аумағына қажетті дәрілік заттарды жеткізу процестерін жеделтеміз деген болатынбыз. Осы бойынша нормативті құжаттарға қол қойылды, қазір дәрілік заттар қоймалардан жаппай сауда компанияларына жіберілді. Әрі қарай қалалардағы түрлі сауда нүктелеріне жеткізілетін болады. Дәрілік заттарды жеткізуге қатысты кедергілер жойылды, жақын күндері дәрі-дәрмек нарыққа келіп түседі, - деді ол.

Министр сонымен қатар, дәрі бағасын мониторингтеу шараларына да тоқталды. Оның айтуынша, Қазақстанның әр өңірінде мониторинг жүргізетін топтар құрылған. 

Бұл жұмыстарға жергілікті әкімдіктер, қоғамдық кеңестер, мемлекеттік емес ұйымдардың өкілдері тартылған. Олар мемлекет бекіткен дәрі бағасының көтерілмеуін бақылап отырады. Сонымен қатар, бізге құқық қорғау органдары да көмектесіп жатыр. ҚР ІІМ еліміздің әр өңірінде масштабты тексеріс жүргізуде, бұл тексеріс басталардан екі күн бұрын интернет арқылы дәрі-дәрмек, маска және осы бағыттағы өзге де аса қажетті тауарларды сату фактілері тіркелген болатын. Әріптестеріміз берген ақпаратқа сәйкес, тұтас ел бойынша көптеген дәрі сату фактісі бар. Кейбір дәріхана қызметкерлері фискалды чек соқпай, дәрілерді астыртын сатқан жайттар да кездескен. Дәрі тапшылығы салдарынан азаматтарға қажетті препараттарды қымбат бағаға сатып алуына тура келді, - деді ол.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы