"Кей жерде 20 см". Семейдегі танымал көпірдің жігі ажырап кеткен

Семейдің аспалы көпіріндегі деформациялық жіктерде жарықшалар пайда бола бастады. Аталған жайтқа алаңдаған тұрғындар әлеуметтік желіде жаппай видеолар жариялап жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Аbainewskz мәліметінше, қалалық әкімдік пен полиция осы дерекке қатысты түсініктеме берді.

Көпір визуалды тексерістен өтті. Тексеріс нәтижесі бойынша әкімдікке деформациялық жіктерді мұздан тазарту жөнінде ұйғарым берілді. Деформациялық жіктердің ажырауына күн райының суып кетуі себеп болды, - делінген Абай облысы ПД хабарламасында.

Қалалық көлік және автомобиль жолдары бөлімінің мамандары арнайы тексеріс жүргізіп, көпірдің жағдайы қанағаттанарлық деген қорытындыға келген.

16 ақпанда Қалалық көлік және автомобиль жолдары бөлімінің мамандары ауа температурасы -29 градус кезінде деформациялық жіктерге және аспалы көпірдің басқа да конструкцияларына визуалды тексеріс жүргізді. Салдарынан №1 тіректен 70 мм жарықшалар, ал №10 тіректен 60 мм жарықшалар анықталды. Жалпы тіректердің жағдайы қанағаттанарлық деп бағаланды. Көпірдің құлау қаупі анықталмады, - делінген әкімдік хабарламасында.

Бұдан былай мамандар ауа температурасы төмендеген кезде көпірді тәулік бойы бақылайды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Абай облысының әкімдігі
Өзгелердің жаңалығы