Кей өңірде үсік жүруі мүмкін
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Қазгидромет» РМК синоптиктері алдағы үш күнге ауа райы болжамын жасады.
Қазақстанның солтүстік жартысында циклонның әсерінен жаңбыр жауып, күн суытты. Соның салдарынан алдағы үш тәулікте де республиканың батыс, солтүстік және орталық облыстарында күн суытады.
"Циклонға байланысты суық атмосфералық фронттар оңтүстік, содан соң оңтүстік-шығыс және шығыс облыстары арқылы жылжиды. Осыған байланысты республиканың басым бөлігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнап, еліміздің оңтүстігінде температура төмендеп, ал солтүстігінде климаттық нормадан 3-6°С төмен ауа температурасы сақталады", - делінген хабарламада.
Қазақстанның батыс, солтүстік және орталық өңірлерінің жекеленген аудандарында түнгі уақыттарда 1...3°С үсік болуы мүмкін.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
АҚШ долларының құны артып барады
Өзгелердің жаңалығы