Кей өңірде қар аралас жауын жауса, кей өңірде +32 градус ыстық болады
"Қазгидромет" РМК синоптиктері 14-16 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Демалыс күндері әлі де кең антициклон Қазақстан аумағының көп бөлігін қамтиды, сол себептен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Тек елдің солтүстігінде, шығысында және орталығында атмосфералық фронтальды бөлімдердің өтуімен жаңбыр жауады: республиканың шығысында түнгі уақыттарда қарға айналуы мүмкін. Республика бойынша желдің күшеюі болжанады. Түнгі және таңертеңгі уақытта елдің солтүстігінде, солтүстік-батысында және шығысында тұман түседі, 16 қыркүйекте 2 градусқа дейін үсік жүреді.
Күндіз ауа температурасы: республиканың батысында +20+30°С, солтүстік-батысында +12+25°С, шығысында +5+18°С, оңтүстігінде +23+32°С, елдің солтүстігінде және орталығында +15+23°С-тан +10+18°С, оңтүстік-шығысында +10+23°С-тан +15+27°С-қа дейін көтеріледі.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Алматыда сержант өз-өзіне қол жұмсады
Өзгелердің жаңалығы