Кей облыста дауыс беру аяқталып, ел бойынша сайлаушылардың 77% дауыс берді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 20.00-ге дейін 11 947 995 азамат дауыс берді. Әзірге еліміздің батыс өңіріндегі 1 сағат айырмашылығына байланысты дауыс беру аяқталмаған облыстар бар. Ал республиканың қалған өңірінде дауыс беру Нұр-Сұлтан қаласының уақыты бойынша сағат 20.00-де дауыс беру аяқталды.  Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясының хатшысы Сәбила Мұстафина брифинг барысында айтты.


«ҚР Сайлау туралы конституциялық заңының 38-бабының 1-тармағына сәйкес президент сайлауында дауыс беру уақыты жергілікті уақыт бойынша сағат 20.00-ге дейін өткізіледі. Қазіргі сәтте дауыс беру сағат 21.00-де бітетін 5 батыс өңіріндегі 1899 учаскені қоспағанда, елдегі сайлау учаскелерінде дауыс беру бітті. Сонымен қатар, 40 елдегі шетелдік 51 учаскеде дауыс беру жүріп жатыр. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, Нұр-Сұлтанның сайлау комиссияларының алдын ала ұсынған мәліметтеріне сәйкес 2019 жылдың 9 маусым сағат 20.00-дегі жағдай бойынша тізімге енгізілген сайлаушылардың 77% сайлау бюллетендерін алды», - деді ол.

ОСК өкілі елдегі дауыс берушілердің пайыздық санағын ұсынды.

«Олардың ішінде 2019 жылғы 9 мауcым 20:00-дегі жағдай бойынша тізімге енгізілген сайлаушылардың  77 % сайлау бюллетендерін алды. Олардың ішінде Ақмола облысы бойынша 83 %,  Ақтөбе облысы бойынша 84,6 %, Алматы облысы  бойынша 89%, Атырау облысы бойынша  71,2%, Шығыс Қазақстан облысы бойынша 84,5%, Жамбыл облысы бойынша 81,3%, Батыс Қазақстан облысы бойынша 66,2%, Қарағанды облысы бойынша 77,1%, Қызылорда облысы бойынша 77,6%, Қостанай облысы бойынша 84%, Маңғыстау облысы бойынша 68,3%, Павлодар облысы бойынша 79,5%, Солтүстік Қазақстан облысы бойынша 79,8%, Түркістан облысы бойынша 84,8%, Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 68,3%, Алматы қаласы бойынша 52,2%, Шымкент қаласы бойынша 67,1 % дауыс берді», - деді ҚР ОСК хатшысы Сәбила Мұстафина.


Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ
Өзгелердің жаңалығы