Кей мектептерде әлі күнге дейін спорт зал мен асхана жоқ - депутат
Бұл туралы Үкімет сағатында Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің төрағасы Нұртай Сабильянов айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Көптеген мектеп кәріз жүйелеріне, ел мектептерінің 50%-ы жоғары жылдамдықты интернетке, 25%-ы спорт залдарға, 15%-ы асханаларға, 13%-ы кітапханаларға қол жеткізе алмай отыр, - деді ол.
Сабильянов білім беру мекемелерін қажетті инфрақұрылыммен және материалдық-техникалық базамен қамтамасыз ету сапасы оқушылардың одан әрі дамуына әсер ететін маңызды фактор екенін атады.
Аталған проблемалық мәселелерді мәслихат депутаттарының, әкімдердің және уәкілетті органдар өкілдерінің қатысуымен жергілікті жерлерде қоғамдық кеңестердің алаңдарында жедел түрде қарауды ұсынамын. Қаражат бөлініп, мәселенің шешімін табу керек, - деді ол.
Айта кетейік, цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің деректері бойынша халқының саны 250 адамнан аз 1432 ауылда интернет жоқ. Ал 3G-ге қосылған 2046 ауылдық елді мекенде интернет байланысы тұрақсыз, ал кей кезде мүлдем болмайды.