Кей аймақтарда жел күшейіп, бұршақ жауады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазгидромет алдағы үш күнге, 25-27 маусымға арналған ауа райы болжамын ұсынады.

Еліміздің басым бөлігінің аймағында тұрақсыз ауа райы болжанады. Жаңа Жер аймағынан келетін солтүстік циклон республиканың солтүстік-батысы, солтүстік, содан кейін орталық және оңтүстік-шығысының кей жерлерінде қатты жаңбырды күшейтеді. 26 маусымда циклонның артынан Солтүстік-Батыс суық антициклоны ығысып, онымен ауа температурасының республиканың солтүстік бөлігінде түнде 2-7 дейін, кей жерлерде 10 жылы, күндіз 12-17 дейін, кей жерлерде 20 жылыға дейін төмендейді. Сондай-ақ республиканың кей жерлерінде желдің күшеюі, дауыл, бұршақ түсуі мүмкін.


Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы