Кетушілер саны 40%-ға азайды: Қазақстанға кімдер көшіп келіп жатыр?
Қазақстанда халық ең көп қоныс аударатын өңірлер анықталды
Ұлттық статистика бюросы көші-қон бойынша соңғы деректерді жариялады. 2025 жылы Қазақстаннан кеткендер саны 40,2%-ға азайып, үшінші жыл қатарынан оң көрсеткіш тіркелген, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
2024 жылмен салыстырғанда Қазақстаннан кеткендер саны 40,2% азайды, елге келгендер саны 18,9% кеміді. Негізгі көші-қон алмасуы ТМД елдерімен жүрген. Достастық елдеріне барлық келушілердің 81,8% және кеткендердің 71,8% тиесілі. Басқа елдердің ішінде Қытайдан, Моңғолиядан және Германиядан келгендердің саны көп болса, кеткен елдер арасында азаматтар Германия, Польша және АҚШ-қа көбірек көшкен, - делінген хабарламада.
Сондай-ақ, келгендердің басым бөлігі тұрақты тұру үшін еліміздің өңірлері арасында Алматы облысын – 5 754 адам, Алматы қаласын – 4 068 адам және Маңғыстау облысын – 3 562 адам таңдаған.
Елден кеткендердің көбі Қарағанды облысынан – 1 451 адам, Алматы қаласынан – 757 адам және Шығыс Қазақстан облысынан – 685 адам көшіп кеткен.
Шетелден кеткендер мен келгендердің негізгі үлесі 35-39 жас аралығындағы азаматтар. Елден кеткендер және келгендер арасында техникалық және экономикалық білімі бар адамдар саны басым.
Еске салайық, бұған дейін Қазақстан халқы қаншаға жеткені белгілі болды.