"Кет" деп айтуға тура келді – Маңғыстау облысы әкімі тапсырманы орындамаған әріптестері жайлы

Маңғыстау облысы әкімі Нұрдәулет Қилыбай ОКҚ-да өткен брифингте өңірдегі кадр тапшылығы мәселесі жайлы айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Журналист басқармалар басшысыз екенін айтып, олардың неге орындарын босатқанын және не себепті қызметке кадр келмей жатқанын сұрады.

Кейбір әріптестерімізге "кет" деп айтуға тура келді. Оның себебі - Президент тапсырмаларының уақытылы орындалмауы. Бұл проблемалар бір емес, бірнеше жылға созылып келе жатыр. Сол себепті кейбір әріптестерімізді ауыстыруға мәжбүр болдық. Ал кейбіреулері жұмыстан өздері кетеміз деді, кетем деген адамды қалай ұстап қаласың?! Келісім беруге тура келді, — деді Нұрдәулет Қилыбай.

Маңғыстау облысында қазіргі күнде үш басқармада басшы жоқ. Әкімнің сөзінше, талап бұрынғыдай емес, келетін басқарма басшыларына талап күшейген.

Жеке сапаны қатысты емтихан тапсырады. Біз ұсынған кейбір адамдар өте алмай жатыр, кейбірі өтіп жатыр. Айта кетерлігі, басқарма басшыларына талап күшейтілгені сонша, мамандығы дәлме дәл болуы керек. Мысалы, табиғи ресурстар басқармасына басшы болып келу үшін мамандығы міндетті түрде эколог болуы керек, - дейді Маңғыстау облысының әкімі брифингте.

Әкім конкурсқа қатысуға ниеттілерге есік ашық екенін қоса кетті.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы