"Кешірім сұраймын". Қуандық Бишімбаевтың анасы мәлімдеме жасады

Баламның тәрбиесіннен қателестім. Бишімбаевтың сотында экс-министрдің анасы Альмира Нұрлыбекова сөз сөйледі, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Өмірімнің соңына дейін тәрбиемде қай жерден олқылық жібергенімді талдап, түсінуге тырысамын. Кез келген ана баласын соңына дейін қорғайды. Менің баламның сөздері, айғақтары мен хат-хабарлары расталады деп ойлаймын. Тергеу Салтанаттың өлімінің себебі мен уақытын анықтаған жоқ, – дейді Альмира Нұрлыбекова.

Бишімбаевтың анасы қазақстандықтардан кешірім сұрады.

Бүкіл аналардан, қыздар мен арулардан ұлым Қуандық үшін кешірім сұраймын. Мені де кешіріңіздер. Маған өте ауыр. Салтанат қаза тапқан күннен бері маған оңай емес. Мен ең алдымен Салтанаттың анасы мен әкесінен, жақындарынан кешірім сұраймын, - дейді  Бишімбаевтың анасы. 

Бұған дейін адвокат Назкен Құсайынова Бишімбаев неге Нүкенованы видеоға түсіргенін айтқан еді. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы