"Кешірім сұрасын". Трамп әкімшілігі Зеленскийден жауап күтіп отыр

АҚШ президенті Дональд Трамптың әкімшілігі Украина президенті Владимир Зеленскийден 28 ақпанда болған жанжалдан кейін жария түрде кешірім сұрауды күтеді. Бұл туралы Bloomberg агенттігі дереккөздерге сілтеме жасап хабарлады.

Ақ үй өкілдерінің айтуынша, Зеленскийдің кешірім сұрауы Вашингтон мен Киев арасындағы қарым-қатынасты қалыпқа келтіруі мүмкін. Екі ел арасындағы шиеленіс пайдалы қазбалар туралы маңызды келісімнің бұзылуына алып келген.

Еске салайық, Зеленский Ақ үйде өткен кездесуде Трамппен сөзге келіп, Вашингтоннан келісімді қолдамай, сапарын ерте аяқтаған болатын.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Saul Loeb/Getty Images
Өзгелердің жаңалығы