"Кешірім берші!": Трамп Нетаньяхуға араша түсті

Израиль президенті Исаак Герцог АҚШ көшбасшысы Дональд Трамптың оған Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяхуды кешіру жөнінде өтініш жасағанын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Politico таратқан мәліметке сәйкес, Герцог бұл өтінішті қабылдамаған және кез келген кешіру мәселесі мәні бойынша қаралуы тиіс екенін, бұл мәселеге өте зор жауапкершілікпен қарайтынын атап өткен.

Мен президент Трамптың достығын және оның пікірін құрметтеймін. Израиль, әрине, тәуелсіз мемлекет, – деді Израиль президенті.

2016 жылдың желтоқсанынан бері Израильде Нетаньяхуға қатысты бірнеше қылмыстық тергеу басталған. Айыптаулар саясаткердің жемқорлыққа және өз мүддесін әрі үкіметтің мүддесін заңсыз лобби жасауға қатысы болуы мүмкін деген күдікке байланысты. 2020 жылдың мамырында осы істер бойынша сот процесі басталды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы