Кешіккен Экокодекс. Экологтардың жанайқайы
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Экологиялық қауымдастық өкілдері мен жаңа экокодексті әзірлеушілер - Экология министірлігі Қазақстанда экологиялық реформаларды кейінге қалдыруға болмайды деп пайымдайды.
Мұндай көзқарас тау-кен өндіру және металлургиялық кәсіпорындар қауымдастығының коронавирус пандемиясына байланысты жаңа экологиялық кодекстің жобасын қарастыру мерзімін бір жылға кейінге шегеру туралы ұсынысына жауап ретінде айтылды.
Экология вице-министрі А.Пірімқұловтың ойынша мерзімді кейінге шегеру еліміздің бірқатар өңірлеріндегі жағымсыз экологиялық жағдайдың сақталуына алып келеді.
Ол Кодекс жобасының 2018 жылдың ортасынан бастап бизнес өкілдерімен талқыланғанын, құжатта “жұмсақ көшу” мен өндірістік кәсіпорындардың жетік қолжетімді технологияларға ауысуының тиімді мерзімдерінің көзделгенін еске салды. Кодекстің жобасы бойынша бизнес үшін алғашқы нақты шаралар 2025-ші жылдан бастап күшіне енеді.Апта ішіндегі статистиканы алып қарайықшы: "Арселордағы" апат", "Теңгиздегі" апат. Ал бір немесе үш жыл ішіндегі статистиканы алып қарасақ, апаттар мен экологиялық заңнаманы бұзушылықтардың санын ұзақ сонар кестеде көрсете беруге болады. Бүгінгі таңда біз экологиялық реформаларды кейінге қалдырамыз, я болмаса жетік қолжетімді технологияларға көшеміз деп ойлаймын, одан ары кейінге қалдыруға болмайды,-дейді А.Пірімқұлов.
Ол Кодекс жобасының 2018 жылдың ортасынан бастап бизнес өкілдерімен талқыланғанын, құжатта “жұмсақ көшу” мен өндірістік кәсіпорындардың жетік қолжетімді технологияларға ауысуының тиімді мерзімдерінің көзделгенін еске салды. Кодекстің жобасы бойынша бизнес үшін алғашқы нақты шаралар 2025-ші жылдан бастап күшіне енеді.Қазіргі уақытта ТЖ және карантин кезінде барлығымызға қиын жағдай екендігі түсінікті. Алайда бұл уақытша құбылыс, ТЖ және карантин бір айға созылар, ал ірі кәсіпорындар он жылдап ештеңе жасамауда, осы ретте ТЖ қажетті модернизация мен жетік қолжетімді технологияларға көшуді кейінге қалдырудың қолайлы себебі болып отыр, - деді вице-министр.
Жетік қолжетімді технологияларға көшу- Теміртау, Балқаш, Өскемен, Қарағанды сияқты қалалардағы экологиялық жағдайды жақсартудың жалғыз мүмкіндігі екендігін көріп отырмыз. Өзге шаралар мен тетіктерді бүгінгі күні біз көріп отырған жоқпыз. Тау-кен металлургиялық кешенін алып қарасақ 2008-ші жылғы дағдарыстан кейінгі жағдаймен салыстырғанда қазір металлдарға деген баға 40%-ға жоғары. Пандемия экокодексті кейінге қалдыру, оның мерзімдерін қайта қараудың қорабына қақпақ бола алмайды. Біз уәкілетті орган ретінде оны қажет деп есептейміз. Оның барлық нормалары саналы, ешқандай кері кетер шешімдер мен шаралар онда жоқ,-деп пайымдады А.Пірімқұлов.
Уәкілетті органның ұстанымын "EcoJer" өңірлік экологиялық бастамалар қауымдастығы, Қазақстанның экологиялық ұйымдарының қауымдастығы, табиғатты пайдаланушылар қауымдастығы, еліміздің тәуелсіз экологтары да қолдады.
Ол қолжетімді емес, ұшпаққа әпермейді деген жалпы фразаларды айтудың қажеті жоқ. Николай Владимирович, (“Республикалық тау-кен өндірістік және тау-кен металлургиялық кәсіпорындардың қауымдастығы" ЗТБ директоры), трибунаға шығып Теміртауда атмосфералық ауа проблемасы ешқашанда шешілмейді, қалай "қара қар" болды, ол солай бола береді деп айтайық?!,-деп ойын жеткізді А.Пірімқұлов.
Атап айтсақ, Қарағанды облыстық экологиялық музейінің өкілі Дмитрий Калмыков жағымсыз табиғатты қоршаған ортаның салдарынан әлемеде 4млн-ға жуық адамның көз жуматынын тілге тиек етті. Қазақстанның экологиялық ұйымдары қауымдастығының жетекшісі Айгүл Соловьева пандемия жағдайында нашар экологиядан зардап шегуші қазақстандықтардың денсаулығына ерекше ден беруді атап өтті.
Ластанудың моральдық-этикалық мәселесі бар. Бұны ары қарай жалғастыруға болмайды. Еуропалық қауымдастығы сіздерге мұнда жеңілдік жасаған күннің өзінде де, өзінің қорғаныс іс-шараларымен әрекет жасамайды. Жоғары көмірқышқыл ізімен ол сіздерді беттеткізбейді, сіздер онда тағы да 30%-ын төлейсіз,-деді А.Соловьева.
Бұдан бөлек талқылауға қатысушылар жетік қолжетімді технологияларды енгізуге дайын өндірістік кәсіпорындар үшін экономикалық талпындырушы шараларын талқылады.
Вице-министірдің айтуынша, ведомство кәсіпкерлердің ұсыныстарын қарастыруға және қажет болған жағдайда оларды жобаға енгізуге дайын.