Кешенді тестілеуге жас жұбайлар келді
Кешенді тестілеуді тапсыру күні неке күнімен тұспа тұс келіп түсті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Бұл туралы Ұлттық тестілеу орталығының директоры Руслан Емелбаев Instagram-дағы парақшасында мәлімдеді.
Бүгін Көкшетау қаласында магистратураға түсу үшін кешенді тестілеуге ерекше тестіленуші келді. Маңызды емтиханды жіберіп алмауға шешім қабылдаған бақытты қалыңдықты тестілеуге күйеу жігіт қолдап келді. Жас жұбайларға зор махаббат пен ауызбіршілік, ал қалыңдыққа сәттілік тілеймін!, - деп жазды Емелбаев.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Тұран даңғылының учаскесінде қозғалыс уақытша жабылады
Келесі жаңалық
«Наз» мемлекеттік би театрына - 25 жыл
Өзгелердің жаңалығы