Кеше тағайындалған Қарашөкеев Жолдау тапсырмаларын қалай орындайтынын айтып берді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев Үкімет отырысында айтты.

Мемлекет басшысының Жолдауындағы тапсырмаларды орындау үшін АШМ бірқатар жүйелі фактор іс-шара қабылдайды. Ауа райы факторының ауыл шаруашылығы өндірісіне теріс әсерін болдырмау және мал шаруашылығының азықтық базасын дамыту бағытында егіншілікте нақты әртараптандыру ісі жүзеге асырылады, - деді ол.

Қарашөкеев ол үшін ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер арасында кеңінен түсіндіру жұмыстары жүргізіледі.

Сондай-ақ жер пайдаланушылардың қазіргі заманғы цифрлық технологияларды, жерді қашықтықтан зондтау әртараптандару процесінің тетіктерін пайдалана отырып, жалдау шарттары бойынша тәртіптер әзірленеді. Бұдан басқа жайылымдарды тиімді пайдалану мақсатында оларды пайдаланудың жаңа әдістері әзірленеді. Суландырудың барынша тиімді моделін қолдана отырып жаңа жайылымдық жерлерді тарту арқылы жайылым жерлерін кеңейту жоспарланып отыр, - деді министр.

Естеріңізге сала кетейік, 1 қыркүйек күні Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауын жариялады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы