Кеше Павлодар облысында болған екі ірі жол апатынан төрт адам көз жұмды

Жол-көлік оқиғалары сенбі күні кешке Шідерті кенті мен Ақсу ауылдық аймағында орын алды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Облыстық жедел жәрдем станциясының мәліметінше, Шідерті кентінен 10 шақырым жердегі оқиға туралы хабар сағат 21:22-де түскен. 

Мұнда екі көлік соғысып, нәтижесінде біреуі өртенген. Медиктер 9 минутта жетті. 7 жастағы бала көмек келгенге дейін көз жұмған, - деді 103  қызметінде. 

2 және 5 жастағы тағы екі бала, 24 жастағы ер адам мен 30 және 51 жастағы әйел адамдар Екібастұз қалалық ауруханасына жеткізілді. 

Екінші жол апаты сағат 22:00 шамасында Ақсу қаласынан 25 шақырым жерде орын алған. 

- Екі көлік соқтығысынан 5 адам зардап шекті. Жедел жәрдем топтары бірінші санаттағы жеделдікпен 13 минутта жетті. 2 және 6 жасар балалар мен 40 жастағы әйел адам алған жарақаттарынан көз жұмды, - деді 103 қызметінде. 

40 және 58 жастағы ер адамдар Ақсу қалалық ауруханасына жеткізілді. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы