Кеше Алматыда 350 адамнан коронавирус анықталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы қалада коронавирус инфекциясының таралуы қайта күшейгенін мәлімдеді.

Басқарманың мәліметінше, 13 шіледеде коронавирус  инфекциясының 350 жаңа жағдайы тіркелген, оның 339 симптомдық белгілері бар және 11 симптомсыз.

Инфекциялық стационарларда 300 төсек-орын жүктемесі бар және онда 140 пациент ем алып жатыр.

Бүгінгінде БМСК мен Телемедицина орталығы дәрігерлерінің бақылауында 2 155 науқас бар, олардың ішінде жеңіл және орташа ауырлық дәрежесінде 1 985, симптомсыз 170 науқас,-делінген хабарламада.

Сондай-ақ өткен тәулікте коронавирусқа қарсы вакцинаның I компонентін  445 адам, II компонетін 370 адам салдырған. Ревакцинациядан 1 934 адам өтті.

01.02.2021-13.07.2022 жыл аралығында қала бойынша вакцинаның  I компонентін 1 231 214 адам, II компонентін 1 195 977 адам салдырды. 22.11.2021 ж. бастап 12.07.2022 ж. дейін 507 282 қала тұрғыны ревакцинациядан өтті. Бүгінгі таңда Pfizer (Comirnaty) вакцинасын 117 658 адам салдырды,-делінген хабарламада.

Қаладағы медициналық ұйымдарда 85 вакцинация пункті жұмыс істейді. 99 вакцинация бригадасында 313 медицина қызметкерлері жұмылдырылған.
 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы