«Болашақ» керемет бағдарлама - Шамиль Аляутдинов

Астана, BAQ.KZ. «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ президенті Жанболат Мелдешов бүгінгі таңда ТМД елінде танымал бизнес-тренер, теолог Шамиль Аляутдиновпен кездесті.

Шамиль өзінің қоғамдық лекциялары кезінде ХБО аясындағы білім бағдарламалары туралы бірнеше рет айтқан болатын. Теологтың пікірінше, сапалы білім алу мен еліне пайда тигізу – өз өміріңді басқа деңгейге көтерумен тең.

«25 жыл ішінде жүргізіліп келе жатқан бұл президенттік бағдарлама – өте маңызды. Бағдарлама негізінде мемлекет мүмкіндік ұсынып, ең маңыздысы шетелде оқуына қажетті қаржылай көмек көрсететіп отыр. Ал, студенттер елге қайтып келіп еңбек етулері қажеттігі орынды әрине. «Болашақ» керемет бағдарлама» - деп атап өтті Шамиль Аляутдинов.

«Триллионер» жобасы авторының айтуынша, шетел тілінде білім алу дүниетанымын кеңейтіп қана қоймай, тұлғаның жан-жақты дамуына әсер етеді.

«Адам білім ала отырып, оның ішінде күнделікті алуға болатындай білім шеңберінен шығып, дүниеге кеңірек қарай бастайды. Егер сіз шет тілінде білім алатын болсаңыз, сіздің әлемге деген көзқарасыңыздың ауқымы, көлемі тіпті сараптамаңыз да өзгере бастайды. Бұл – өте маңызды» - деп атап өтті бизнес тренер.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы