Кепілдендірілген әлеуметтік топтама 500 мыңнан астам балаға беріледі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ОКҚ алаңында Мемлекет басшысының 2020 жылғы әлеуметтік бастамаларын жүзеге асыру бойынша баспасөз конференциясы аясында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов айтты. 

Кепілдендірілген балаларға топтама сол атаулы әлеметтік көмек алатын жанұялардың балаларына беріледі. Мектеп жасына дейінгі балаларға азық-түліктің топтамасы және гигиеналық құралдар беріледі. Мектеп жасындағы балалар ыстық тамақпен, мектеп формасымен және оқуға қажет құрал-жабдықтармен қамтылады. Осыған қоса жол жүру жеңілдіктері беріліп, медициналық көмек қарастырылған. Қазір кезде әкімдердің ұсыныстары бойынша барлық өңірлерде Үкімет қаулысымен 493 сауда орталықтары мен кәсіпкерлер бекітілді. Енді олар балаларға арналған топтаманы дайындайтын болады, - деді Біржан Нұрымбетов.

Оның айтуынша, топтамалардың талаптары, техникалық сипаттамалары әзірленді, олардың сапасы, жарамдылық мерзімі, қаптау тәртібі, жеткізу талаптары қарастырылған. Сондықтан бұл істі жүзеге асыру жергілікті атқарушы органдардың, әкімдердің жауапкершілігінде. 

Азық-түлік топтамасы халықаралық тәжірибеде ескерілген. АҚШ, Ұлыбритания сияқты дамыған елдерде аз қамтылған отбасыларға осындай азы-түлік топтамалары беріледі. Ең маңыздысы, біз топтаманы әзірлегенде Денсаулық сақтау министрлігі және Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ұсыныстарын, баланың жасын және физиологиялық ерекшеліктерін, азық-түліктердің тағамдық-энергетикалық құндылығы мен қажетті микроэлементтердің болуын ескеріп жинадық. Сондықтан бұл, бірінші кезекте, сәбилер мен балалардың денсаулығын жақсартуға қосымша ретінде беріледі. Осылайша биыл кепілдендіріліген қосымша көмекті мектеп жасына дейінгі 220 мыңнан астам бала және мектеп жасындағы 370 мыңнан астам бала алатын болады, - деді министр.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы