Кепілдегі көлік иесі алаяққа алданған

Алаяқ елорда тұрғынына кепілдегі көлікті арзан бағада сатып алу жөнінде ұсыныс айтып, кейін ақшаны алып, ізін суытқан, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Астана қаласы ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, елордалық азамат қылмыскерге екі миллион теңгеге дерлік ақшаға алданып қалды. Алаяқ банктегі кепілде тұрған автокөлікті сатып алып беруге уәде берген болатын. Жәбірленуші тартымды ұсынысты қабылдап, алайда көптен күткен автокөлігін көре алмады. Кейін алданғанын түсінген жас жігіт полицияға жүгінді.

Жедел-іздестіру іс-шараларының көлемінде. Байқоңыр ауданының криминалдық полиция қызметкерлері күдіктінің тұлғасын анықтады. Қаражатты алаяқтықпен иемденіп, осылайша, материалдық шығын келтірген 32 жастағы азамат екені мәлім болды, - делінген хабарламада.

Күдікті қылмысын мойындады. Алаяқтық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу барысында күдіктінің тағы да 2 ұқсас қылмысқа қатыстылығы анықталды. 

Полиция барлық жағдайды тексеру және қылмыскердің мүмкін болатын байланыстарын анықтау мақсатында тергеуді жалғастыруда. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы