Kenzo сән үйінің негізін қалаған дизайнер коронавирустан қайтыс болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Kenzo сән үйінің негізін қалаған жапониялық дизайнер Кендзо Такада коронавирустан қайтыс болды. Бұл туралы модельердің ресми өкілі мәлім етті, деп хабарлайды Euronews.

К.Такада 81 жаста болған. Ол Франция ауруханаларының бірінде көз жұмды. Бұл елге 1965 жылы Жапониядан көшіп барған. 1970 жылы оның әйелдерге арналған алғашқы киім үлгілері Парижде үлкен қызығушылық тудырды. Кендзоның көрмесіне қатысқан модельдердің бірін ELLE журналы өз мұқабасына орналастырды.

Бірінші сәтті көрсетілімнен кейін-ақ Кендзоның сән әлеміндегі мансабы бірден арта бастаған.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы